Қазақстандық ауыр атлетші Ниджат Рагимов Хьюстонда өткен әлем чемпионатында «алтын» жеңіп алды

Күні: 13:35, 25-11-2015.

Алматы. 25 қараша. ҚазТАГ – Қазақстандық ауыр атлетші Ниджат Рагимов Хьюстонда өткен әлем чемпионатында «алтын» жеңіп алды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Қазақстандық спортшы 77 кг салмақ категориясында өнер көрсетті. Жиынтығында ол «серпіп» және «жұлқып» көтеруде 372 кг нәтиже көрсетті (165+207).
Сөйтіп, Н. Рагимов әлем чемпионатында бірінші медаль әкелді. Айта кетерлігі бұрындары Н. Рагимов Әзербайжан құрамасында өнер көрсетіп, әр түрлі халықаралық турнирлерде ұтқан. Бірақ бапкерлер штабымен арасында орын алған шиеленіске байланысты Қазақстан командасымен өнер көрсету туралы шешім қабылдапты.


Жаңалықтармен бөлісу: