Қазақстандық Дариға Шәкімова бокстан Қытайда өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды

Күні: 17:04, 13-08-2015.

Алматы. 13 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстандық Дариға Шәкімова бокстан Қытайда өткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Д. Шәкімова 75 кг-ға дейінгі салмақ категориясында финалға дейін жетті де қытайлық Ли Кюаньды 3:0 есебімен жеңді. Сөйтіп ол екінші рет Азия чемпионатының «алтынын» екінші рет жеңіп алды. Мұның алдында ол 2010 жылы 69 кг салмақ категориясында өнер көрсеткенде жеңген болатын.
Осыдан бұрын турнирдің қола жүлдегерлері Гаухар Ермекбай (69 кг), Мөлдір Базарбаева және Ләззат Күнгейбаева (екеуі де – 81 кг) атанған.


Жаңалықтармен бөлісу: