Астана. 21 қазан. ҚазТАГ - Қазақстандық фермерлер Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
"Барлық қазақстандық аграршылардың атынан Сізге ауыл шаруашылығына бұрын-соңды болмаған қолдау көрсеткеніңіз және біздің іске көңіл бөлгеніңіз үшін шын жүректен алғыс білдіруге рұқсат етіңіз. Нәтижесінде біз егістіктерде өнімділіктің артқанын көріп отырмыз. Биыл Қазақстан 26 млн тоннадан астам астық жинады. Орташа өнімділік шамамен 16 центнерді құраса, кейбір алқаптардан гектарына 40-50 центнер жиналды. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жақсы нәтиже! Әлбетте сіздің зор қолдауыңыз бен тұрақты назарыңыз болмаса біз мұндай нәтижеге қол жеткізе алмас едік", - делінген Қазақстан фермерлер қауымдастығы жариялаған хатта.
Егіншілер өнімді өңдеу мен өткізуді дамыту мәселелерінде ерекше қолдау сезінетіндерін жеткізген.
"Ауылдағы өмірді жақсартуды үнемі назарда ұстап келе жатқаныңыз үшін жеке алғыс. Сіздің тапсырмаңыз бойынша аграрлық секторды жеңілдікпен қаржыландырудың айтарлықтай ұлғайтылуы да біз үшін үлкен көмек болды. Лизингтің қолайлы жағдайларының арқасында техниканы жаңарту ауыл тұрғындары үшін әлдеқайда қолжетімді болды. Тек осы жылдың өзінде 20 мыңнан астам жаңа ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Уақытылы несие беру бізге егін егу және егін жинау жұмыстарына қажетті ресурстарды тез алуға мүмкіндік берді", - деп қосты фермерлер.
Олардың айтуынша, шаруалар үшін жасалған барлық жағдай жұмысты бірнеше қадам алға жоспарлауға мүмкіндік береді.
"Ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап келесі егін үшін алғашқы қаражатты ала алатынымыз ерекше қуантады. Сіздің бұл шешіміңізді еліміздің әрбір фермері қуана қабылдайды. Қазір еліміз үшін көп жұмыс істеу және халықтың жалпы әл-ауқатын арттыру үшін барынша еңбектеніп, бірге дамитын уақыт келді. Ауыл шаруашылығында 1,2 млн-ға жуық азамат жұмыс істейді, ал олардың отбасыларын қосатын болсақ, 4 млн-нан астам қазақстандық аграрлық саладағы жағдайға тікелей тәуелді. Біздің жұмысымыздың нәтижесі - бұл әркімнің дастарханында нан, сүт, ет, көкөністер, жемістер және басқа да тағамдардың күнделікті болуы", - делінген хатта.
Фермерлердің айтуынша, қазақстандық өнім елімізден тыс жерлерде де жоғары бағаланады.
"Бірақ мемлекеттің көмегінсіз біз мұндай тиімділікке қол жеткізе алмас едік. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіздің қолдауыңызды барлық фермерлер қауымдастығы сезінеді! Барлық қазақстандық аграршылардың атынан Сізге тағы да ауыл тұрғындарына назар аударып жатқаныңыз және көмегіңіз үшін алғыс айтамыз. Біз өз тарапымыздан отандастарымыздың сапалы өнім алуға деген сенімі мен үмітін ақтауға және қойылған міндеттерді жоғары деңгейде іске асыруға бар күшімізді салуға дайынбыз", - деп қорытындылады ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер.
Хат 20 қазанда жазылған. 60 мың фермердің атынан хатқа Қазақстан фермерлер қауымдастығының басшысы – мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев қол қойған.
Сондай-ақ құжаттың астында Қазақстан Омарташылар одағы, Қазақстан Картоп өсірушілер және көкөніс өсірушілер одағы, басқа да бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларының қолдары қойылған.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т12,27-ге түсіп, Т524,79 болды
2 Желтоқсан 2024, 17:38 -
«Маңғыстаумұнайгазда» жаңа бас директор болып Вэнь Цзяцзюнь тағайындалды – ҚМГ
2 Желтоқсан 2024, 17:33 -
Қызылорда облысының тұрғындарынан 2 мыңнан астам ақбөкен мүйізі тәркіленді
2 Желтоқсан 2024, 17:16 -
Польшадағы ақау Қазақстанның Германияға тағы 100-150 мың тонна мұнай жеткізуіне кедергі болмайды
2 Желтоқсан 2024, 17:07