Қазақстандық кәсіпкер-боксшы Батыр Жүкембаев IBO International белбеуін жеңіп алды

Күні: 10:57, 07-04-2017.

Алматы. 7 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстандық кәсіпкер-боксшы Батыр Жүкембаев IBO International белбеуін жеңіп алды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Қазақстандық боксшы Монреалда мексикалық боксшысы Косми Ривермен кездесті. Бокс біздің боксшымыздың едәуір басымдығымен болып, жетінші раундта реферидің тоқтауымен аяқталды. Себебі мексикалық боксшы лайықты қарсылық таныта алмады. Нәтижесінде Жүкембаев техникалық нокаутпен жеңді.
Сөйтіп, қазақстандық боксшы кәсіби рингте тоғызыншы жеңіске жетті.
Ал Ривера 24-ші жеңіліске ұрынды. Бірақ оның 41 жеңісі және 3 тең аяқталған ойындары бар.


Жаңалықтармен бөлісу: