Қазақстандық кәсіпорындардың қиындықтары ЕАЭО-ға кірумен байланысты емес, деп есептейді Назарбаев

Астана. 11 ақпан. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. ҚР президенті Н. Назарбаев қазақстандық кәсіпорындардың қазіргі қиындықтары Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) кіруімен байланысты емес, деп есептейді.
«Бүгіндері ресейлік  рубльдің әлсіреуі фонында және біздің ішкі нарығымызға сырттан көрсетіліп отырған қысымның артуымен біздің өндірушілерге шығын келіп жатыр. Ол рас, бірақ оның Еуразиялық экономикалық одаққа қатысы жоқ, одақ – біздің стратегиялық бағытымыз. Одан біз бас тартпаймыз және Кедендік одақтан да. Біз одақты құру кезінде оған өмір өз түзетулерін жасайды дегенбіз», - деді Н. Назарбаев сәрсенбі күнгі үкіметтің кеңестілген отырысында.
Ол қазір Ресей санкцияларға байланысты ауыр жағдайда қалып отырғанын растады. «Ол санкциялар ешкімге де пайдалы емес. Еуропа 25 миллард қаражат жоғалтса, Ресей – 41 миллард доллар жоғалтып отыр. Біз Ресей бұл жағдайдан аброймен шығады деп сенеміз, одан да ары қарай дамиды, ал біз солармен бірге дамимыз», - деді Н. Назарбаев.  
«Біз ол сауалдардың жауабын табамыз. 10-15 кәсіпорын осы проблеманы тудырып отыр. Осы кезеңге не істеу керектігі туралы уағдаласамыз, ал екінші-үшінші тоқсанға олардың барлығы теңгеріледі, инфляциясында да, басқасында да. Сондықтан квота орнату мәселесін достық түрде келісеміз. Осы жағдайдан бірге шығу мәселесін реттейміз», - деді Н. Назарбаев.

adimage