Қазақстандық моноқалалардың жастарын даяшы және шаштараз мамандықтарына оқытады

Күні: 19:25, 17-11-2014.

Астана. 17 қараша. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Қазақстандық моноқалалардың жастарын қысқа мерзімдік курстар арқылы даяшы жәнен шаштараз мамандықтарына оқытады, деп мәлім етті ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов.
«Моноқалардың экономикасын әртараптандыру және қызмет көрсету саласын дамыту қажеттігін ескере отырып, біз қызмет саласының қызмет түрлерін айқындап, кадрларды дайындау үшін қысқа мерзімдік курстар ашуды ұсынып отырмыз. Жұмыссыз халық арасында ең көп назар жастарға аударылады, яғни бұл жерде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тәжірибесін ескеру керек. Оларда жастарды қызмет саласында жұмыс істеуге жаппай дайындау іске асырылуда», - деді Д. Арғандықов ҚР парламент мәжілісіндегі «Нұр Отан» партиясының фракциясының «Моноқалаларды Ѝ амыту туралы» тақырыбында өңірлік саясат және мәслихаттармен жұмыс бойынша өткізген кеңейтілген отырысында.
«Бұл жерде бірнеше деңгейлік курстарды қарастыруға болады. Айталық, асханаға даяшы, мейрамханаға, бармендерді дайындайтын. Немесе жылыжай қызметкерлерін. Оларды оқытуға мамандарды шетелден де шақыртуға болады», - деді ол.
Оның айтуынша, осындай курстарды осындай мекемелері барлармен бірге құруға болады.
Сондай-ақ, дейді вице-министр, зейнетке шығатын жастағы тұлғалар үшін де тәлімгерлік бағыттағы әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға болатынын, оларда негізгі мамандықтарға жастар оқи алатынын ұсынды. Осы арқылы, дейді Д. Арғандықов жұмыс орындары сақталып, жас кадрларды оқыту жүргізіледі.


Жаңалықтармен бөлісу: