Қазақстандық шенеуніктер үшін сыйлықтар туралы нұсқама әзірленді

Күні: 13:18, 26-11-2014.

Астана. 26 қараша. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер үшін сыйлықтар туралы ережені қолдану бойынша нұсқама әзірленді,  деп мәлім етті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров.
«Біз академиямен бірге әр түрлі мақсаттық топтар үшін сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерін анықтау және оның алдын алу бойынша ағарту бағдарламасын дайындап жатырмыз. Оның негізінде социологиялық және ғылыми зерттеулер алынды. Мысалы, мемлекеттік қызметкер мен басшылықтың мүдделерінің сыйлықтар туралы ережені қолдануда қақтығысын болдырмау бойынша жаттығу сабағы дайын», - деді Қ. Қожамжаров сәрсенбі күні агенттіктің кеңейтілген отырысында.    
«Бұл сыйлықтар туралы ереже, лауазым тұлғасына материалдық емес сипатындағы қызмет көрсеткені үшін сыйлықтар беруде шектеуді қарастырады, яғни мемлекеттік қызметкерлер атқарып отырған функциялары үшін қандай да игілік алуға құқығы жоқ», - деп түсіндірді Қ. Қожамжаров.  
«Жастарды біз әлеуметтік желілер арқылы ағартып отырамыз. Сауатты ақпараттық жұмыспен бірге бұл қоғамды жемқорлықты болдырмау жұмысына тарту деңгейін көтеруге мүмкіндік береді», - деді ол.
Агенттік басшысы ведомствоның консультативтік орталықтар құру арқылы кері байланыс орнататынын айтты.  
«Сall-орталық қызметкерлері тәулік бойғы режимде азаматтарға  заңнама нормалары мен белгілі жемқорлық жағдайларда әрекет ету тәртібін түсіндіреді. Ол жұмысты үйлестірумен жаңадан құрылған антикоррупциялық ағарту және қоғаммен байланыс басқармасы айналысатын болады», - деді Қ. Қожамжаров.  
Оның пікірінше, мемлекеттік қызметкерлер адалдық, әділдік және сатылмаушылық, өз мәртебесін қызметтен басқа мақсатта пайдаланбаушылық сынды фундаменталдық құндылықтарды ұстануы тиісті.  


Жаңалықтармен бөлісу: