Қазақстандық синоптиктер 16-18 ақпанда қатты аяз болады деп ескертуде

Күні: 14:26, 15-02-2016.

Астана. 15 ақпан. ҚазТАГ – 16-18 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде 30-градустық аяз күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.  
«Еліміздің батыс және солтүстік-батыс облыстарында бұлтты, жауын-шашынды, кей жерлерде бұрқасын, 15-25м/с  жел мен көктайғақ күтіледі. Қазақстанның басқа аумақтарының көбінде жауын-шашынсыз.  Сонымен қатар солтүстік, орталық және шығыс облыстардың кей жерлеріндегі көріну қашықтығы 500м тұман, 28-33º суық болу қаупі сақталады», - делінген дүйсенбідегі хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: