Қазақстандық синоптиктер қаңтар айында күн суытуының екі толқынын болжап отыр

Алматы. 5 қаңтар. ҚазТАГ – Қаңтар айында арктикалық антициклон ауа температурасын айтарлықтай суытады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК гидрометорталығының инженері Әлия Оспанова.
«Ай басында Қазақстан аумағындағы ауа райын барилық (ауа қысымынан тұратын) екі құрылым айқындайды. Мысалы, еліміздің солтүстік бөлігіне ауа температурасы түнде -25-33°С, күндіз -20-25°С аяз болатын  арктикалық антициклон ықпал етеді. Республиканың оңтүстік бөлігінде Оңтүстік-Каспий циклоны өтуімен мұнда да ауа райы нашарлайды: жауын-шашындатып, түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақтанып, кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түндегі -5°С аяздан, күндізгі +10°С градус аралығында тербеліп тұрады», - деп хабарлады сәрсенбі күні А. Оспанова.
Жаңа жылдық жұмыс аптасының басында республиканың барлық аумағы салқын антициклонның ықпалында қалуынан ауа температурасы одан сайын салқындай түседі.
«Ауа температурасының салқындау шыңы қаңтар айының алғашқы онкүндігіне келеді. Солтүстік аудандарда термометр бағаны түнде -33-38°С градусқа, күндіз -25-30°С градусқа дейін түседі. Оңтүстік жартысында температуралық көрсетулері түнде -13-23°С және күндіз -8-13°С болады», - деді А. Оспанова.
Сондай-ақ ол, алдын ала болжам бойынша ай ортасында аяз әлсірейді – ол кезекті оңтүстік циклонның келіп, ауа райын бұзып жүберуімен байланысты болады деп мәлім етті. Бірақ күн суытуының екінші толқыны екінші онкүндіктің соңына қарай (орыстардың крещен аяздары – 19 қаңтарға қарай) келіп, ал үшінші онкүндікте негізінен ауа температурасы суық болады деп болжануда.
Қаңтар айында қар негізінен Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Павлодар, Ақмола және Қарағанды облыстарының солтүстік аудандарында, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы аймақтарында қалың жауады деп күтілуде. Ал Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда облыстарында қар аз жауады.
«Синоптикалық ахуалдың өзгеруіне қарай осы алдын ала жасалған болжам, әсіресе айдың ортасына жасалған болжамға өзгерістер енгізілуі мүмкін», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарында.

adimage