Қазақстандық синоптиктер қарашада күн сууының үш толқыны болады деп болжап отыр

Күні: 13:09, 02-11-2015.

Алматы. 2 қараша. ҚазТАГ – Қарашада күн суытуының үш толқыны болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Күздің соңғы айы жауын-шашынды, желді, тұманды және көктайғақты болады, деп күтілуде. Ай бойына күн суытуының үш толқыны болып, олар айдың басында, екінші онкүндікте және үшінші онкүндіктің соңында келеді», - делінген ведомствоның баспасөз қызметінен дүйсенбі күні таратылған хабарда.
Бірақ 1 қарашада басталған күн суытудың беті жақында қайтады. «Алдағы үш күнде атмосфералық тұтас ағым өтуінен жауын-шашынды болады. Осылайша, Қазақстанның солтүстігінде қар жауып, бұрқасындатып, оңтүстігінде – тұман аралас жауын-шашындатып, жолдарда көктайғақ болады», - деп хабарлайды синоптиктер.
Бірақ оңтүстік-батыстан соққан жылы жел республикадағы суықтың бетін қайтарады. Республиканың көптеген облыстарында ауа температурасы күндіз -3°С-тен +3°С-ке дейін болады. Оңтүстік өңірлерде түнде 0°С –дан күндіз +10°С-қа дейін болады.
Синоптиктердің болжамынша айтарлықтай аязды қарашаның үшінші онкүндігінің ортасында күту керек.
«Республиканың солтүстік жартысында түнде ауа температурасы түнде минус 20°С аяз, ал күндіз минус 12°С аяз болса, оңтүстік жартысында түнде минус 10°С, күндіз – минус - 5°С аяз болады», - делінген осы айға берілген метеоболжамда.


Жаңалықтармен бөлісу: