Қазақстандық синоптиктер қазанда тұрақсыз ауа райы болады деп болжады

Күні: 15:52, 01-10-2018.

Астана. 1 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда қазан айындағы ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазанның басында суық және ылғалды ауа массаларына байланыс ауа райы құбылмалы болады. Сенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады Алдағы демалыста жаймашуақ ауа райы сақталады Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын болады. Түнде 0... -5 суық, күндіз 7...15 жылы; оңтүстік-шығыста - күн күркіреп, жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 7...12, күндіз 17...25 жылы аралығында болады. Кейін Орталық Азияда күн жылынып, Қазақстанның көптеген облыстарында күн ашық әрі жылы болады. Күндіз термометр бағаны көтеріледі: Солтүстік жартысында +15...+22 °С; Оңтүстік жартысында + 23...+28°С.», - делінген дүйсенбіде таратылған қазанға арналған консультативтік болжамда.
Алайда синоптиктер атап өткендей, «күзгі ауа райы құбылмаы және синоптикалық құбылыстар тез өзгереді».
«3-4 қазанда елдің батысында циклонның ықпалымен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кейін бұл салқын күн райы шығыс бағытқа ауысады. Айдың ортасында Қазақстанның басқа да облыстарында жауын-шашынды болады», - деді синоптиктер.
Ұзақ мерзімді ауа райы болжамына сәйкес, үшінші онкүндіктің ортасында күн суытады: Солтүстік жартысында түнде -5...-13 аяз, күндіз 0...5 суық болады; Оңтүстік жартысында түнде 0...-5 суық, күндіз 10...18 жылы болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде айлық жауын-шашын мөлшері нормадан көп болса, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының кей жерлерінде нормаға жуық болады.
Синоптиктер еске салғандай, бұл консультативтік болжам болғандықтан ауа райы қысқа мерзімдегі құбылуына орай біршама өзгертілуі мүмкін екендігін ескертті.


Жаңалықтармен бөлісу: