Астана. 1 наурыз. ҚазТАГ – «Қазгидромет» РМК наурыздың екінші және үшінші онкүндігінің екінші жартысында күн жылы болады деп болжап отыр.
«Айлық орташа ауа температурасы нормадан 1-2 градус жоғары болады деп күтілуде, тек Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облысының таулы, тау бөктерлері аймағында – нормаға жақын болады», - делінген синоптиктердің хабарында.
Бұл ретте Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жауын-шашын норма шамасында, республиканың қалған аумағында – нормадан артық болады деп күтілуде.
Болжамға сәйкес, ай айтарлықтай суытумен басталады. Ауа температурасының фоны: батыста түнде 0-5, күндіз 0+8; солтүстігі мен орталығында түнде -7-15, елдің шығысында түнде -20, күндіз 0-5 градус; елдің оңтүстігінде түнде -3-13, күндіз -2+3 градусқа дейін суытып, жауын-шашын жауады.
Одан кейін батыстан шығысқа циклон өтуімен ауа райы құбылмалы болады: солтүстік өңірлерде қар жауады, республиканың қалған аумағында қар аралас жауын жауып, бастан соққан жел күшейеді, көктайғақтанып, тұман түседі. 9-10 наурызда ауа райы тұрақтайды, бірақ елдің солтүстігінде, шығысы мен орталығында ауа температурасының түнде -10-20 градусқа дейін, батысы, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында түнде -3-13 градусқа дейін суытуымен жалғасады.
Ұзақ мерзімдік болжамға сай осы айдың екінші және үшінші онкүндігінің бірінші жартысында республиканың солтүстік бөлігінде +5+13, оңтүстік жартысында +13+23 градусқа дейін көтеріледі.
Наурыздың екінші және үшінші онкүндігінің екінші жартысында жауын-шашындатып, суық күндер басымдау болады.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46