Алматы. 13 шілде. ҚазТАГ – Қазақстандықтар коронавирус індетінен қайтыс болған отандастарын аза тұтуда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Дүйсенбі – 13 шілде – COVID-19 індетінен қайтыс болған қазақстандықтарды жалпыұлттық аза тұту күні. Нұр-Сұлтан уақытымен 12.00-де бүкіл Қазақстан бойынша бір минут үнсіздік жарияланады. Бүкіл ел бойынша жалаулар төмен түсірілген, барлық ойын-сауық шаралары тоқтатылған.
Соңғы ресми ақпар бойынша КВИ-ден 375 адам көз жұмған, оған қоса белгісіз пневмониядан қайтыс болып жатқандар саны артуда, оны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың жаңа түрі деп атауда.
Еске салсақ, 13 шілдені аза тұту күні деп жариялау жоспары туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 8 шілдеде қазақстандықтарға жасаған телеүндеуі кезінде жариялаған еді. 9 шілдеде мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды.
Қатысты сілтемелер
-
Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 16:18 -
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
6 Қыркүйек 2024, 16:16 -
Астанадағы Тельман кенті ауданында техникалық суағар салуға Т15,3 млрд жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 14:54 -
Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және үсік күтіледі
6 Қыркүйек 2024, 14:51