Қазақстандықтар некені үш күн ішінде тіркей алады

Астана. 15 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстан азаматтары некені электронды қызметті оңтайландырудың нәтижесінде үш жұмыс күні ішінде тіркеу мүмкіндігі туды, деп мәлімдеді ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев.
«Некені тіркеу қызметін оңтайландыру арқылы бұрын 1 айға созылған процесті 3 жұмыс күнінде рәсімдеуге мүмкіндік беріледі. Бұл ретте өтініш бергеннен кейін екі айға дейін некені тіркеу күнін белгілеу мүмкіндігі ұсынылады», - деді сейсенбіде үкімет отырысына қатысқан Д. Абаев.
Ол атап өткендей, 141 мемлекеттік қызметті электронды форматқа ауыстыру жоспарлануда.
«447 мемқызмет бойынша азаматтардан сұратылатын құжаттар мен мерзімді қысқарту бойынша шаралар қабылдануда. Мәселен, «денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық парағын» беруді электронды форматқа көшіру жоспарлануда», - деді бұл қолайлықтан гөрі халықтың денсаулығы туралы мәліметтердің электронды базасын қалыптастыруға ықпал ететінін нақтылаған Д. Абаев.
Министр уәде еткендей, «қабылданған шаралар нәтижесінде 2019 жылы мемқызметтің 80%-ы, 2020 жылы – 90%-ы аударылған».
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет тізілімі 741 аталымнан тұрады. Оның ішінде 454-і немесе 61%-ы электронды формада қол жетімді. Электронды мемқызмет көрсетудің негізгі құралы электронды үкімет порталы болып табылады. Бүгінгі таңда e-gov-қа 8,5 млн-нан астам тұтынушы тіркелген. 2018 жылдың өзінде осы портал арқылы 30 млн мемлекеттік қызмет көрсетілді.

adimage