Астана. 29 маусым. ҚазТАГ – Қазақстандықтар шілдеде жалпы 10 күн демалады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
2020 жылға арналған Қазақстандағы мерекелер күнтізбесіне сәйкес 6 шілде (дүйсенбі) елімізде мерекелік демалыс – Астана күні, 31 шілде (жұма күні) Құрбан айт мерекесінің бірінші күні, ол күні де қазақстандықтар демалады.
Сенбі мен жексенбі күндеріне сәйкес келетін 4, 5, 11, 12, 18, 19, 25 және 26 шілдені қоса есептегенде қазақстандықтар 10 күн толыққанды демалатын болады.
Қатысты сілтемелер
-
Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!7 Наурыз 2024, 13:16
-
Қазақстан мұсылмандары Рамазан айы мен ауыз бекітуге дайындалуда22 Ақпан 2024, 13:58