Қазақстандықтар теңгемен сөйлеп, теңгемен өмір сүрулері керек, деп санайды ҚР президенті

Астана. 30 қараша. ҚазТАГ - Жанболат Мамышев. Қазақстандықтар лексиконында «теңге» сөзін қолданып, ұлттық валютамен өмір сүрулері керек, деп санайды ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев.  
«Дедолларлану құралдарын кеңейту арқылы ұлттық валютаға деген сенімді нығайтуға қол жеткізу маңызды. Аталмыш мәселе бойынша үкімет пен Ұлттық банк нақты ұсыныстар дайындауы керек. Барлық қазақстандық біздің теңгемен жүретінімізге, күнделікті нанды теңгеге сатып алатынымызға, шұжық пен сүтті де теңгемен сатып алатынымызға, киімді теңгемен сатып алатынымызға үйренулері керек. Ал доллар «сырттан» киінетіндерге немесе теңгеге импорт өнімдерін сатып алатындарға ғана керек», - деді Н.Назарбаев дүйсенбіде Қазақстан халқына жолдауында.  
Оның айтуынша, банк депозиттері бойынша доллармен салынғандардың пайызы «өте төмен» болады
«Теңгемен депозитке ақша сақтау өте тиімді – пайызы жоғары. Ал доллармен ашылған депозиттерге пайыз да өте төмен болады. Оны (Ұлттық банк – ҚазТАГ) жүзеге асырады. Бұл дедолларлану жағдайының бірі. Сондықтан лексиконымызда «теңге» сөзін пайдаланып, теңгемен өмір сүрейік, сонда ғана тыныштық болып, елімізге көмектемесіз», - деді ол.  

adimage