Қазақстандықтар өз салт-дәстүрін ұстанады және еуропалықтарға қарағанда өзгеше түстер көреді – Назарбаев

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. Қазақстанда адам құқығы кейбір еуропалық елдерге қарағанда жақсы сақталады, деп санайды ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Бізде ешқандай цензуралық мәселе жоқ, саяси қуғын жоқ. Сол себепті де бұл жерде стереотиптен іргені алыс салып, осы өңірге жаңа да, ашық көзбен қарау керек. Иә, біздің өз тарихымыз, өз мәдениетіміз, өз сәйкестілігіміз бар. Және біз одан бас тартқалы отырған жоқпыз. Әлемде бар демократияны құрметтеп, сол тарапқа қозғалыс жасай отырып, біз өз сәйкестілігімізді жоғалтқымыз келмейді. Біздің ойлауымыз басқа, біз еуропалықтарға қарағанда басқа түстер көреміз деуге болады. Және біз өз салт-дәстүрімізді ұстанамыз. Егер бір-біріміз үшін осыны ескеретін болсақ, өмір жарқырап, нұрға бөленбек», - деді Н. Назарбаев жұма күні француздық журналистің сұрағына жауап беріп жатып.
«Адам құқығы тап этникалық принциптер бойынша тыйым салатын заңдар қабылдап жатқан кейбір еуропалық елдерге қарағанда Қазақстанда кеңінен қамтамасыз етіледі», - деп толықтырды ол.
Президент Қазақстанда 100-ден астам ұлттар мен ұлыстар тұратынын, олардың құқықтары бірдей екенін, тілдері мен мәдениеттері қорғалатынын еске салды. Мектептер 18 тілде білім береді.
«Қырық діни конфессия мүлде еркін әрекет етеді, мешіт те, синагога да, костел де, тағысын тағы да салынып жатады. Яғни, адамның капиталды құқықтары – жұмысты болу, өмір сүруге деген еркіндікке ие болу, үйлі болу, жақсы өмір сүруге деген (мүмкіндікке – ҚазТАГ) ие болу – міне осыны біз қамтамасыз етіп отырмыз», - деп түйіндеді мемлекет басшысы.

adimage