Астана. 27 наурыз. ҚазТАГ – Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары барысында «Мерейлі мақсатымыз – Мәңгілік Ел» салтанатты шарасына қатысты, деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.
«Бүгін осында көптеген жастар отыр. Біз жастарымыздың жақсы білім алуы үшін жаңа балабақшалар, мектептер, университеттер салып жатырмыз. Облыста «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі біліммен балалардың 70 пайызы қамтылған. Сонымен қатар, ана мен бала өлімінің деңгейі 20 пайызға төмендеді. Әр облыстағы медицинаны дамыту мәселесіне зор көңіл бөлудің арқасында қазақстандықтардың орташа өмір жасының ұзақтығы 70-ке жетті. Бұл біздің еліміздің зор табысы әрі дамуының көрсеткіші деп есептеймін», – деді Мемлекет басшысы, деп көрсетілген Ақорданың ресми сайтында жұма күнгі жарияланған хабарда.
Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі дағдарыс құбылыстарына қарамастан, Қазақстан жүйелі дамуын жалғастырып келе жатқанын, бұған өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері айғақ екенін атап өтті.
«Оңтүстік Қазақстан облысында бүкіл ел халқының 17 пайызы тұрады. Өңір аумағы арқылы ірі теміржол магистралі өтеді, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізі салынды. Әуежай қайта жөнделуде. Осы жылдар ішінде облыс уран өндірісінің әлемдік орталығына айналды. Бүгінде өңірдің кеніштері жаһандық уран өндірісінің 35 пайызын қамтамасыз етіп, бірінші орын иеленіп отыр», – деді Мемлекет басшысы.
Соңында Елбасы «Нұр Отан» партиясының таяуда өткен XVI съезінде белгіленген жаңа мақсаттар мен міндеттер туралы еске салып, барлық бағыттар бойынша жұмысты жалғастыруға шақырды және жиналғандарға табыс пен бақ-береке тіледі.
Шара барысында сондай-ақ ардагерлердің облыстық кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Н.Шевченко, жастар одағының мүшесі Ж.Өсербаев сөз сөйледі.
Салтанатты шара театрландырылған көрініс пен концерттік бағдарламаға ұласты.
Қатысты сілтемелер
-
Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 16:18 -
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
6 Қыркүйек 2024, 16:16 -
Астанадағы Тельман кенті ауданында техникалық суағар салуға Т15,3 млрд жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 14:54 -
Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және үсік күтіледі
6 Қыркүйек 2024, 14:51