Астана. 29 мамыр. ҚазТАГ - Мирхат Әжіғалиев. Қазақстанда темекі шегу көрсеткіші, жаһандық зерттеулер (GATS) мәліметтерінше 22,4%, деп мәлім етті ұлттық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Жәмилә Баттақова.
«Қазақстанда темекі шегу көрсеткіші 22,4%. Бұл ретте қалалықтардың 25,6%-ы темекі шексе, ауыл тұрғындарының 18,2% шегеді. Ал насыбай ату қалалықтарда - 4% және ауыл тұрғындарында - 1,2%», - деді Ж. Баттақова жұма күнгі дөңгелек үстелде.
Сондай-ақ ол, ер азаматтар мен әйелдердің арасында айырмашылық үлкен екенін айтты.
«Темекі шегуде жынысы мен жастарына қарасақ, олардың арасында айырмашылық үлкен. Ерлер арасында - 42,4%, әйелдер арасында - 4,5%. Яғни арақатынасы 1–дің 9-ға.
Жас жағынан темекі шегетіндер 25-44 жастағылар, ол әйелдер арасында да, ерлер арасында да осындай», - деді Ж. Баттақова.
Оның айтуынша, Қазақстанда әр бесінші адам жұмыс орнында (19%), әр үшінші адам қоғамдық орындарда пассивті түрде темекі шегуші.
«Бұл кодекстің 159-шы бабы ("Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 159-шы бабы) онша дұрыс жұмыс атқармайды деген сөз және бұл жерде ішкі істер, құқық қорғау органдарымен сектораралық байланысты күшейту керек»,- деп атап көрсетті Ж. Баттақова.
Қатысты сілтемелер
-
Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 16:18 -
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
6 Қыркүйек 2024, 16:16 -
Астанадағы Тельман кенті ауданында техникалық суағар салуға Т15,3 млрд жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 14:54 -
Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және үсік күтіледі
6 Қыркүйек 2024, 14:51