Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанда алғашқы рет Қазақстан Республикасы мен Қытай Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің халықаралық лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуы өтуде, деп хабарлады ҚР қарулы күштерінің баспасөз қызметінен.
Ведомство хабарында айтылғандай, «Көктал» полигонында «Түлкілерге аңға шығу – 2015» Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің бірінші бірлескен лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуы басталды.
Бірлескен оқу-жаттығудың мақсаты өзара түсінушілік пен сенімділікті нығайту, екі армия арасындағы ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу, лаңкестікпен күресуде екі ел Қарулы Күштерінің жедел үйлесімділігін арттыру және ауданда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау үшін жағдай жасау болып табылады.
Бірлескен оқу-жаттығу екі кезеңнен тұрады. Олардың бірі ағымдағы жылғы қазанның соңында ҚХР Синьцзян-Ұйғыр автономдық ауданының «Қорла» оқу-жаттығу орталығының базасында өтті. Онда екі елдің әскери қызметшілері шекара маңындағы ауданда шартты лаңкестерді жою және тарату жөніндегі бірлескен лаңкестікке қарсы операцияны өткізді.
Оқу-жаттығудың екінші кезеңі бүгін, 5 қарашада Қазақстанда «Көктал» полигонының базасында басталды. Қазақстан мен Қытайдың әскери қызметшілері заңсыз қарулы құралымды тарату жөніндегі бірлескен шартты жауынгерлік іс-қимылдарды пысықтайды.
Қазақстан мен Қытай Қарулы Күштерінің өзара іс-қимылының маңызды аспектісі ассиметриялық қауіп-қатерлерге (арнайы мақсаттағы жауынгерлердің бөлімшелерін дайындау) қарсы іс-қимыл бойынша әлеуетті арттыру аясында бірлескен дайындық және тәжірибе алмасу болып табылатынын айта кеткен ләзім. Одан басқа, екі елдің өзара іс-әрекетінде әскери білім беру саласы маңызды рөлге ие. Бүгінгі таңда қазақстандық әскери қызметшілер Қытайдың ұлт-азаттық армиясының әскери оқу орындарында білім алуда.
Қатысты сілтемелер
-
Қостанайда облыстық автожолдың 10 шақырымын қайта жаңартуға Т3,8 млрд астам жұмсамақ
20 Қыркүйек 2024, 11:36 -
Жұма күні Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жарияланды
20 Қыркүйек 2024, 08:54 -
Жалпы сомасы 450 миллиард теңгеге тең активтерді қайтару туралы келісім мақұлданды
20 Қыркүйек 2024, 08:52 -
Тоқаев бірқатар тағайындаулардан кейін күштік құрылым басшыларының жаңа орынбасарларын қабылдады
20 Қыркүйек 2024, 08:50 -
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жауын- шашын күтіледі
20 Қыркүйек 2024, 08:45