Алматы. 7 қыркүйек. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. Қазақстандық журналистер Сейтқазы және Әсет Матаевтарды қолдап флэшмоб ұйымдастырды және оны бейнетаспаға жазды.
«Біз, Алматы журналистері, ҚР Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевты қолдаймыз және Алматының осы қолдау сөзін Қарағанды мен бізді қолдайтын Қазақстанның басқа да қалаларына береміз. Бұл қолдауға қанша адам қатысатыны маңызды емес. Біздің кәсібіміз – журналистикада – жалғыздың да үні шығатынын біз тамаша білеміз. Матаевқа бостандық!», - деді акцияға қатысушылар.
Өз кезегінде журналист және қоғамдық қайраткер Әміржан Қосанов, С. Матаевқа тағылып отырған айыптың негізі жоқ деп қадап айтты.
«Бүгін Матаевтың үстінен өтіп отырған сот, ол – сөз бостандығының үстінен өтіп отырған сот, әр қазақстандықтың шынайы, ақиқат ақпарат алу құқығына деген сот. Біз тергеушілер, айыптаушы жақ сотта не дегенін естідік. Ол айыптаулардың барлығының негізі жоқ. Матаев заң алдында таза. Егер сот әділ, шынайы өтетін болса, мен соған үміт етемін, себебі бұл сот тек Қазақстанның ғана емес, әлем жұртшылығының назарында, бүгін-ертең әкелі-балалы Матаевтар еркіндікте болулары керек. Сейтқазы, Әсет, журналистер, қазақстандықтар сендерді қолдайды! Біздер жақында бостандықта кездесетінімізге мен сенімдімін», - деп ол қадап айтты.
С. Матаевтың әйелі Баян Матаева айтқандай, С. Матаев тапқан-таянғандарының бәрін ақпараттық агенттікті дамытуға жаратыпты.
«Біз өмір бойына заңды сыйлаған азаматтар болдық, Сейтқазы әр кез жасампаз болды, ол Журналистер одағын, Ұлттық баспасөз клубын, ақпараттық агенттіктерді құрды. Ал қазір оны және біздің ұлымызды қылмыскер етіп отыр. С. Матаев тапқан-таянғандарының бәрін ақпараттық агенттігін дамытуға жаратты. Ол осы үшін Өзбекстанға, Тәжікстанға, Иран, Ауғанстанға өзі барды. Ауғанстанда ол бомбалауға түсіп қалды, атыстың астында болды. Ол Ұлы Жібек Жолын қайта қалпына келтірмек болды, ол ТМД мен Азия аумағын мекен ететін халықтарды біріктіргісі келді... Біз 1937 жыл қайта келгенін қаламаймыз. Журналистерде оқшашарлары, автоматтары, ешқандай қарулары жоқ. Біздің қаруымыз парақ қағаз, қаламсап пен компьютер. Бірақ мен, осы қарумен де, егер біз бірге болатын болсақ, Сейтқазыны да Әсетті де, басына күн түскен басқа да журналистерді арашалай аламыз, деп ойлаймын», - деді ол.
Флэшмобқа қатысушылар түсіндіргендей, Матаевты қолдап жеке түскен және топ болып түскен бейнетаспа жазулары әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде болады.
Қатысты сілтемелер
-
Әли Алтынбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2024, 16:45 -
Жанат Элиманов қайтадан Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды
16 Қыркүйек 2024, 16:29 -
МАЭК турбоагрегатты күрделі жөндеуге Т1,1 млрд астам мемлекеттік қаражатты жұмсамақ
16 Қыркүйек 2024, 16:11 -
Тоқаев пен Олаф Шольц келіссөз залына барды
16 Қыркүйек 2024, 16:03