Қазақстанның 5 үздік аспазы Нью-Йоркте қазақ асханасының фестиваліне қатысуда

Күні: 16:10, 10-03-2016.

Астана. 10 наурыз. ҚазТАГ – Бешбармақ, қуырдақ және басқа да ұлттық тағамдар Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде қазақ асханасының фестивалінде таныстырылуда, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.  
«2016 жылғы 7-11 наурыз аралығында Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде қазақ асханасының фестивалі  өтуде.   Қазақстаннан бес үздік бас аспаз Нью-Йоркке қазақ асханасының дәмді тағамдарын, тәттілері мен сусындарын таныстыруға барды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.  
Хабарда айтылғандай, фестивальдің ашылуына БҰҰ Бас Ассамблеясының Президенті Могенс Люккетофта, БҰҰ комитеттерінің басшылығы, Ұйым Хатшылығының қызметкерлері, БҰҰ мүше елдердің тұрақты өкілдері қатысты.
Ашылу барысында қонақтарға ұлттық асхана тағамдарынан басқа қазақ мәдениеті, өнері, тұрмыс мәні т.б. дәстүрлерімен танысу мүмкіндігі болды. Кеште қазақ авторларының, композиторларының музыкалық туындылары мен әндері орындалды.
«Үш күнде қазақ асханасынан 700-ден астам адам дәм татты», - делінген хабарда


Жаңалықтармен бөлісу: