Қазақстанның 6 өңірінде үсік күтілуде

Астана. 7 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанның 6 өңірінде түнде үсік күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.  
«8 қыркүйекте түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында, 8-9 қыркүйекте Павлодар облысында, 9 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында 2 градусқа дейін үсік күтіледі», - делінген бейсенбідегі хабарда.  
Сонымен қатар, Астанада 8 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

adimage