Астана. 29 мамыр. ҚазТАГ – Қостанай, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан мен Ақмола облыстарында қатты жел мен найзағайға байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі.
«30 мамырда Қостанай облысының кей жерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с. Түнде кей жерде 2 градусқа дейін үсік күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған хабарламада.
Синоптиктердің болжамы бойынша, 30 мамырда Жамбыл облысында жел оңтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с, кей жерде екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да аса күтіледі. Күндіз кей жерде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. Таразда 30 мамырда оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.
«30 мамырда күндіз Қарағанды облысында жел оңтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с, кей уақытта екпіні 30 м/с дейін күтіледі. Кей жерде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін», - деп атап өтті синоптиктер.
Сонымен қатар, хабарланғандай, 30 мамырда күндіз Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей жерде 23-28 м/с, кей уақытта екпіні 30 м/с. Кей жерде найзағай, дауыл күтіледі.
«30 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с. Кей жерде найзағай, дауыл болады, бұршақ болуы мүмкін. Өскеменде 30 мамырда жел 17-22 м/с-қа күшейеді. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %», - деп болжам жасауда синоптиктер.
Ақмола облысында 30 мамыр күні күндіз солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде кей жерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлікте 15-20, екпіні 23-28 м/с. Кей жерде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ болуы мүмкін.
«Астана қаласында 30 мамыр күні күндіз солтүстік-шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23 м/с. Таңертең және күндіз найзағай, бұршақ болуы мүмкін. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 80-85%», - деп түйінделген хабарламада.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46