Қазақстанның басым аумағында қар жауып, бұрқасын болады; жылдамдығы 30 м/с боранға байланысты 3 өңірде дауылдық ескерту жарияланды

Астана. 7 ақпан. ҚазТАГ – 7-9 ақпан аралығында Қазақстанның басым аумағында қар жауып, бұрқасындатады; республиканың үш өңірінде 9-10 ақпанда жылдамдығы 30 м/с желге байланысты дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Қазақстанның басым аумағында қар жауып, бұрқасындатып, көріну қашықтығы 200-500 м. болады, оңтүстік-шығыстан басталып, солтүстік-батыс бағытына ығысатын күшті дауыл тұрады», - делінген метеоқызмет хабарында.
Синоптиктердің мәліметтерінше, орталық, шығыс және оңтүстік облыстарда ала бұлтты, қысқа тән суық ауа райы болады.
Сонымен қатар Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жел күшеюіне байланысты дауылдық ескерту жарияланды.
Мысалы, 9 ақпанда, 10 ақпан күні түнде Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан, батыстын кей жерлерінде 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с болатын, облыстың оңтүстік-батысында кейде 30 м/с болатын дауыл соғады. 9 ақпанда күндіз, 10 ақпанда түнде таулы және тау бөктерлеріндегі аудандарда қалың қар жауады. Кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақтанып, бұрқасындатады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз 9 ақпанда, 10 ақпанда түнде оңтүстік-батыстан, батыстан кей жерлерінде 15-20 м/с, екіпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с болатын дауыл соғады.

adimage