Қазақстанның бірнеше аймақтарында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 16:44, 07-06-2018.

Астана. 7 маусым. ҚазТАГ – Қазақстанның бірнеше аймақтарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
Ақмола облысында 2018 ж. 21 сағ. 07 маусымнан 21 сағ. 08 маусымға дейін:
8 маусымда Ақмола облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дауыл күтіледі. Кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз кей жерлерде дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ болуы мүмкін.
Астана қ.: күндіз 8 маусымда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с жетеді.
8-ші маусымда (2018 жылғы 7 маусымдың сағат 21-ден 8 маусымдың сағат 21-ге дейін) Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркіреуі күтілуде, батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с.
Қызылорда облысының кей жерлерінде 2018 ж. 21 сағ. 7 маусымнан 21 сағ. 9 маусым аралығы: 8-9 маусымда найзағай, дауыл, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел; 9 маусымда шаңды дауыл, бұршақ, түнде екпіні 23-28 м/с жел күтіледі.
Оңтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде 2018 жылғы  21 сағат 7 маусымнан 21 сағ. 8  маусым аралығы: 8 маусымда таңертең және күндіз Оңтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 м/с жел соғады, күндіз екпіні 25 метрге дейін жетіп, жел шаңды дауылмен күшейеді.
Шымкент қ.: 8 маусымда күндіз найзағай күркіреп, оңтүстік-батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метрлі желдің күшеюі күтіледі.
9 маусымда Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласының өзендерінде және 10 маусымда Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр болжамына байланысты, кей жерлерде қарқынды, өзендер арнасынан асып және тасқындардың қалыптасуы күтіледі.
(Дауылдың ықтималдылығы 80-100 %)


Жаңалықтармен бөлісу: