Қазақстанның дзюдодан олимпиада рейтингіндегі екінші орны – жоспарлы жұмыстың нәтижесі

Астана. 31 шілде. ҚазТАГ – Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметовтың алтыны мен Ғұсман Қырғызбаевтың қоласы еліміздің ұлттық құрамасына спорттың осы түрі бойынша олимпиадалық рейтингте екінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді – рейтингте бізден жоғары дзюдо спортының негізін салушылар – жапондықтар тұр. Атап өтелік, қазақстандық дзюдошылар бұл жеңіске соңғы жылдары жоспарлы түрде дайындалды – біздің редакция бұл жолдың негізгі оқиғаларына тоқталуды жөн көрді.

Елдос Сметов отандық спорт тарихына Қазақстаннан шыққан дзюдодан бірінші олимпиада чемпионы, сонымен қатар олимпиадалық жетістіктің толық кавалері ретінде енеді, Риода 2016 жылы ол күміс жүлдегер болды, Токио-2020 –да қола жүлдегер атанды, ал өткен сенбіде Парижде 60 кг дейінгі салмақта жоғары сынамадағы алтын медальді жеңіп алды. Бұл атақты атлеттің мұндай жетістігі заңды да: Азия және әлем чемпионы 31 жасында халықаралық жарыстардан бай тәжірибе жинады және Париждегі ойындардың басталуының алдында ол дзюдо бойынша ең жетістігі көп спортшы болатын. Себебі одан басқа спорттың осы түрінен олимпиадалық награданы тек Қазақстанның дзюдо федерациясының қазіргі бас хатшысы Асхат Житкеев қана жеңіп алған еді. Ол - Бейжің-2008 күміс жүлдегері.

Егер Сметовтың Париждегі триумфын дзюдодан олимпиада чемпионы болған елдің жеке шеберлігінің жоғары деңгейімен түсіндірсек, 32 жасында ағымдағы Олимпиада ойындарында қола алған Ғұсман Қырғызбаевтың қоласы халықаралық жарыстарға ел құрамасын дайындау жүйесінде сапалы өзгерістердің болғанын білдіреді. Қыргызбаев Париждегі жүлдесіне дейін жақсы нәтижелерге (Азия біріншілігінде қола, әлем чемпионатындағы күміс, Гранд Шлем және Гран-при серияларының кезеңіндегі жеңістері) соңғы төрт жылда жеткен. Қазіргі олимпиадада 48 кг салмаққа дейін бақ сынап, үшінші орынға бір қадам жетпей қалған Қазақстан өкілі Абиба Абужакынова сияқты.

Ұлттық дзюдо федерациясы Олимпиададағы биылғы жетістікті (қазақстандықтар 2016 жылдан кейін тарихта бірінші рет алтынмен қатар, бір ойында екі бірдей наградаға ие болды), ең алдымен, отандық атлеттердің жыл сайығны Гранд Шлем және гран-при серияларының кезеңіне қатысуыларының артуымен байланыстырып отыр. Еске салсақ, 2022 жылы ҚР дзюдо федерациясының президенті болып Қуанышбек Есекеев сайланғаннан кейін аталмыш серияның кезеңдерінің бірі– Qazaqstan barysy Grand Slam қолға алынды, ол Қазақстанда 2026 жылға дейін өтетін болады (сол жылды қоса аланда). Астанада екінші жыл қатарынан өткізіліп жатқан осы жарыстардан кейін халықаралық жаттықтыру лагері ұйымдастырылады, ол қазақстандық дзюдошыларға әлемнің жетекші атлеттерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек елде басқа да халықаралық және ішкі жарыстар бір ізге қойылған, оның үстіне оған әр түрлі жастағы спортшылар қатыса алды: мәселен, биыл Бекет Махмутовты еске алуға арналған жасөспіірмдер мен жастар арасындағы халықаралық жыл сайынғы турнирге әлемнің 10 елінен 700 спортшы жиналды. Соның ішінде алғаш рет Ираннан, Германия мен АҚШ-тан келді. Сондықтан қазір қазақстандық дзюдошыларды жастайынан халықаралық деңгейдегі мықты бәсекелестікке дайындауды бастады, бәсекелестік те айтарлықтай артты, ішкі деңгейде де солай: спорттың бұл түрімен елімізде 85 мыңға жуық адам айналысып жатыр. Және бүгінгі дзюдодан олимпиадалық рейтингтегі Қазақстан құрамасының екінші орны осы еңбектің айқын көінісі - Қазақстаннан жоғары аталмыш рейтингте Жапония құрамасы тұр, олар спорттың бұл түрінің негізін салушы болып келеді. Дегенмен Париждегі дзюдодан жарыс экватордан енді ғана өтті, демек қазақстандық дзюдошылардан алда әлі жеңістер күтуге болады. .

adimage