Қазақстанның екі облысында қатты ыстық пен күшті желге баланысты дауылдық ескерту жарияланды

Күні: 17:07, 05-06-2018.

Астана. 5 маусым. ҚазТАГ - Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«6 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз көптеген жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман.
Петропавл қ: күндіз 6 маусымда оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95 %», - делінген хабарламада.


Жаңалықтармен бөлісу: