Қазақстанның экс-премьері Серік Ахметовтың жаза мерзімін рақымшылыққа байланысты қысқартты

Күні: 14:50, 19-01-2017.

Қарағанды. 19 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстанның экс-премьері Серік Ахметовтың жаза мерзімін рақымшылыққа байланысты қысқартты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қазақстан Республикасына 25 жыл толуына байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР заңын қабылдауға байланысты Абай аудандық Қарабас кентінің АК-159/18 мекемесі Аба аудандық сотына жүгініп Серік Ахметовқа қатысты өтелмеген жаза мерзімін қысқарту туралы ұсыныс берді. (...) Бүгін аталған ұсыныс қаралып, Абай соты оны қанағаттандырды», - деді бейсенбі күні Абай аудандық сотының БАҚ-тармен жұмысты үйлестірушісі Ардақ Жұмашев.
Ұсынысты судья Гүлнара Миханова төрағалығындағы сот қарады.
Сөйтіп, С. Ахметовке өтелмеген жаза мерзімі ¼-ке, яғни 1 жыл 7 ай 11 күнге қысқартылды.
Сот қаулысы күшіне енген жоқ.
Еске салсақ, 2015 жылы 11 желтоқсанда Қарағанды облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовты 10 жылға бас бостандығынан айыру үкім шығарған. Одан басқа, сот үкімімен Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішев мүлкі тәркіленіп, 5 жылға сотталды. Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұлов пен «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ бұрынғы қызметкері Г. Матаевты сот әрқайсысын 3 жылдан бас бостандығынан айырды.
Қарағанды облысының бұрынғы жоғарғы лауазымды шенеуніктеріне қатысты тергеу амалдары 2014 жылы басталған. Іс бойынша 20 күдікті өткен.
Тергеу тұжырымы бойынша, бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктер кірген топ сыбайлас жемқорлық қылмыстар легін жасаған. Оларға ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру, лауазымды өкілеттерін кері пайдалану, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, құжаттарды жалған жасау айыптары тағылуда.
Кейін, 2016 жылғы наурызда бұрынғы премьер-министрі С. Ахметовке жаза мерзімін 10 жылдан 8 жылға қысқартты. Аппеляциялық сатыда Т2,2 млрд шығын мөлшерін С. Ахметовтың туыстары мен достары толғымен өтегенін ескерді. Одан басқа, жаза Қарағанды облысының экс-әкімі Бауыржан Әбдішевке 5 жылдан 3 жылға;  Қарағандының экс-әкімі Мейрам Смағұловке – 3 жылдан 2 жылға жұмсартылды.


Жаңалықтармен бөлісу: