Қазақстанның көптеген облыстарында алдағы үш күнінде жаңбыр жалғасады

Күні: 13:34, 01-08-2018.

Астана. 1 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстанның көптеген облыстарында алдағы үш күнінде жаңбыр жалғасады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Карск теңізі аймағынан республика аумағына ығысқан циклон Қазақстанның басым облыстарының ауа-райына әсерін тигізіп, соған байланысты алдағы үш тәулікте бұрынғыдай күн күркіреп, жаңбыр жауып және дауылды жел сақталады, бұршақ жаууы мүмкін, республиканың солтүстік жартысында түнгі уақыттарда сынап бағанасы 7-15 градус көрсетеді, оңтүстік жартысында 15-23 градс жылы», - делінген 2018 жылғы 2-4 тамыз аралығына болжамда.


Жаңалықтармен бөлісу: