Қазақстанның көптеген облыстарында демалыс күндері өтпелі жаңбыр жауады, күн күркірейді және жел күшейеді

Күні: 12:40, 08-06-2018.

Астана. 8 маусым. ҚазТАГ - Маусымның 9-ы мен 11-і аралығында Қазақстанның көптеген облыстарында күн күркіреп, өтпелі жаңбыр жауып, жел күшейеді деп күтілуде, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Төменгі атмосфералық қысым өрісінде Қазақстанның көптеген облыстарында демалыс күндері ауа-райы жылы болып, кей жерлерде күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауып, дауылды жел соғуы күтіледі. Ауа температурасы климаттық норма шегінде, тек батыста температура нормадан 1…2 градусқа төмен болады деп күтілуде», - делінген жұма күнгі хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: