Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаев дүниеден озды

Күні: 10:15, 11-12-2015.

Алматы. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстанның қоғам және саяси қайраткері, халық жазушысы Әбіш Кекілбаев дүниеден өтті.
Ә. Кекілбаев өмірінің 76 жасына қараған шағында өмірден озды, деп хабарлады мемБАҚ-тар.
Әр жылдары ол Қазақ ССР мәдениет министрінің орынбасары, Жазушылар одағының басқарма хатшысы, Қазақстан Компартиясының ОК бөлім меңгерушісі, Қазақ ССР президенті аппаратынынң мәдениет және ұлтаралық қатынастар жөніндегі референтурасының жетекшісі, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды. «Қазақ әдебиеті» газетінің әдеби қызметкері, «Лениншіл жас» газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болды.
ҚР Жоғарғы кеңесінің депутаттығына сайланды, Одан кейін он үшінші шақырылымдағы Жоғарғы кеңестің төрағалығына сайланды. Сондай-ақ парламент мәжілісінің депутаттығына сайланды. Президенттің мемкеңесшісі, мемхатшысы, ҚР президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2002 жылы Ә. Кекілбаев парламент сенатының депутаттығына тағайындалды.
Ә. Кекілбаев бірқатар романдар мен пьесаларды аударды.
«Отан», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті» ордендерімен, ТМД ПАА «Достастық» орденімен және «Құрмет белгісімен» марапатталды. Ол Абай ат. мемсыйлықтың, президенттің бейбітшілік және рухани келісім сыйлықтарының лауреаты.


Жаңалықтармен бөлісу: