Қазақстанның негізгі саяси үлгісі сақталады - Назарбаев

Астана. 1 наурыз. ҚазТАГ  Қазақстанның негізгі саяси үлгісі сақталады, деп мәлім етті мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
«Жұмыс тобы үлкен жұмыс атқарды. Констиутциялық реформаларды жалпы халықтық талдау өтті. Көптеген түзетулер енгізілді. Олардың барлығын біз қарап шықтық. Біз жұмыс тобының мүшелерімен отырыс өткізіп, талқыладық. Балық ұсыныстарды тыңғылықты қарап шықтық», - деді Н.Назарбаев сәрсенбіде билікті қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының отырысында.  
Бұл ретте мемлекет басшысы елдің саяси жүйесіне түбегейі өзгерістер енбейтінін атап өтті және енгізіліп жатқан өзгерістердің уақыты келгенін айтты.  
«Қазақстанның негізгі саяси үлгісі сақталады. Біз президенттік республика болып қала береміз. Заманауи талаптарға сәйкес мемлекеттік басқару жүйесі жұмсақ болуы тиіс. Реформалар нәтижесінде биліктің бір тармағына толық өкілеттілік беріледі, ол тәуелсіз жұмыс жасайды.  Биліктің әр тармағымен осылай болады. Сондықтан биліктің әр тармағы жауапкершілікті сезінуі керек», - деді  президент.
Н.Назарбаев Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасының жалпыхалықтық талқылауға шығарылғанын еске салды.  
«Мен талқылаулар барысын тыңғылықты қадағалап отырдым және халық талқылауы барысында негізінен біз енгізген өзгертулер қолдау тапқанын айта аламын. Бүгін біз азаматтардан келіп түскен ұсыныстар мен пікірлерді қараймыз, қорытындысын шығарып, одан ары не істеуіміз керектігі жайында шешім қабылдаймын», - деді президент.
  ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы, жұмыс тобының жетекшісі Әділбек Жақсыбековтың айтуынша, талқылау барысында ел азаматтарынан 6 мыңнан астам ұсыныс келіп түскен. Ұсыныстар әр түрлі және жалпы халықтық талқылауға шығарылған  жобамен шектелмейді. Олардың барлығы бірнеше блок бойынша жүйеленді.
«Бүгін сіздердің назарларыңызға Конституцияға енгізілмек түзетулер жобасы ұсынылып отыр. Ол жалпыхалықтық талқылау қорытындыларын ескерген. Конституциялық реформа жобасын пысықтау, бірінші кезекте сіздің қойған талаптарыңыз бен нұсқауларыңызды ескерді. (...) Сондай-ақ сіздің тапсырмаларыңызбен мемлекет басшысының заң жүзінде бекітілген өкілеттігін  қайта бөлу бойынша заң жобасы әзірленді. Ол Конституцияға өзгерістерді қажет етпейді», - деді ол, Н. Назарбаевқа қаратып.    
Сөйтіп, алғашқыда үкімет және басқа да атқарушы органдар деңгейінде 40 өкілеттікті беру болжанған, қорытындысында жобада елбасының 35 өкілеттігі қайта бөліске салынды. Атап айтқанда, ол - экономиканы, қаржыны, мемлекеттік мүлікті басқарумен, әкімшілік-аумақтық құрылымға қатысты бірқатар мәселелерді шешумен байланысты өкілеттікке қатысты жекелеген мәселе. Ұсынылып отырған Конституцияға өзгертулер мен заңдар парламент пен үкіметтің жауапкершілігі және өкілеттігін кеңейтуге бағытталған. Жұмыс тобының пікірінше, олардың қабылдануы билік тармақтарының арасындағы теңгерімнің нығаюына, сондай-ақ меморгандардың жұмысының тиімділігін арттыруға  септігін тигізеді.
Өз кезегінде Н. Назарбаев «азаматтар білдірген пікірлер алшақтығы билік жүйесіндегі кемістіктер мен ескерілмеген тұстары» туралы айтып тұрғанын атап өтті.
Еске салсақ, 2016 жылғы 15 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігі Күні мерекесі қарсаңында өткен салтанатты жиында мемлекет басшысы Қазақстанда президент, үкімет және парламент арасында өкілеттікті қайта бөлу мәселесін қарайтын уақыт жеткенін мәлімдеген болатын.
Осы жылдың 11 қаңтарында президент мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттікті қайта бөлу мәселесі бойынша жұмыс тобын құру туралы жарлыққа қол қойды. Жұмыс тобын ҚР президенті әкімшілігінің басшысы басқарды.
Жақында, 25 қаңтарда Н.Назарбаев мемлекеттік билік тармақтары арасында қайта бөлу мәселесі бойынша конституциялық реформа жобасын жалпы халықтық талқылауға шығарды.
Заң жобасына ұсыныстар 26 ақпанға дейін қабылданады деп айтылғанды.

adimage