Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы +31 градусқа дейін көтеріледі

Күні: 13:06, 13-04-2016.

Астана. 13 сәуір. ҚазТАГ – Қазақстанда 14-16 сәуірде күндізгі ауа температурасы + 20-25ºС-қа дейін көтеріледі, қиыр оңтүстікте + 31ºС-қа дейін барады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Алдағы үш тәулікте республиканың барлық аумағында ерекше күн ыстық болады. Күндізгі ауа температурасы +20+25 ºС, қиыр оңтүстікте +31 ºС-қа дейін барады. Ол нормадан 6-15ºС жоғары», - делінген сәрсенбі күнгі хабарда.
Синоптиктердің мәліметтерінше, атмосфералық процестердің тез аусуы көктемге тән белгі болып табылады.
«13 сәуірде Қазақстанға келген антициклон үш күнен кейін Моңғолияға ығысады, ал солтүстік-батыстан келген тропосферлық ағымдар оңтүстік-батысқа ығысады. Олармен бізге Иран маңынан жылы ауа ағымы келеді. Ал ол биыл онсыз да жоғары болып тұрған ауа температурасын көтеріп кетеді», - делінген мәтінде.


Жаңалықтармен бөлісу: