Астана. 23 қараша. ҚазТАГ – Қазақстанның оңтүстігінде ЖЖМ жеткізуге қатысты кідірістер Шымкент МӨЗ-дегі күрделі жөндеуден кейінгі жұмыстармен байланысты болған, деп хабарлады ҚР энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Ағымдағы жылғы қыркүйек- қазан айларында жинау жұмыстарын дизельдік отынмен қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС (Шымкент МӨЗ) күрделі жөндеу жұмысы едәуір кеш мерзімге ауыстырылды. Атмосфералық ауа температурасының төмендігінің салдарынан зауыттың жоспарлы жұмыс режиміне шығуы әрі қарай жалғасуда. Нәтижесінде Қазақстанның оңтүстігінде, оның ішінде Алматы және Алматы облыстарында ЖЖМ жеткізуде кідірістер болды», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Алайда қазір жағдай реттелуде және жуықта тұрақты жеткізу жұмысы қалыпқа келтірілетін болады..
«Осы ретте ЖЖМ нарығында тапшылықтың жоқ екендігін және дүрлігуге негіздің жоқтығын атап өтеміз. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша бензин қоры – 100 мың тоннаны, дизельді отындар қоры – 180 мың тоннаны құрап отыр. ҚР-ғы үш ірі МӨЗ-ның барлығы ЖЖМ өндіруді ұлғайтуда», - делінген хабарда.
Бұған дейін ҚазТАГ хабарлағандай, 23 қарашада Алматыдағы бірқатар жанармай құю стансаларында жанар май сатуда кідірістер болған.
Қатысты сілтемелер
-
Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 16:18 -
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
6 Қыркүйек 2024, 16:16 -
Астанадағы Тельман кенті ауданында техникалық суағар салуға Т15,3 млрд жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 14:54 -
Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және үсік күтіледі
6 Қыркүйек 2024, 14:51