Қазақстанның үш өңірінде көктайғақ, тұман және қатты жел саладрынан дауылды ескерту жарияланды

Күні: 17:57, 18-10-2017.

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанның үш өңірінде көктайғақ, тұман және қатты жел салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«19-21 қазанда Ақмола облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: күндіз 19, тәулік бойы 20 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Сондай-ақ, 19 қазанда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел сақталады.
19-шы қазанда тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман. Солтүстік-батыс желі 15-20, күндіз кей жерлерде 23 м/с күтіледі.


Жаңалықтармен бөлісу: