Қазақстанның әскери теңізшілері зымыранды-артиллериялық кеменің әскери мүмкіндігін сынады

Күні: 19:11, 15-05-2015.


Астана. 15 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстанның әскери теңізшілері зымыранды-артиллериялық «Қазақстан», «Орал» және «Сарыарқа» кемелерінің әскери мүмкіндіктерін сынады, деп хабарлады ҚР қорғаныс министрлігінің бапсасөз қызметінен.
Ведомство сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, қазақстандық әскери теңізшілер «Қазақстан», «Орал», және «Сарыарқа» зымыранды-артиллериялық кемелерінің жауынгерлік мүмкіндіктерін сынады. Оның аясында Каспий теңізінде ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің ауқымды жаттығуы өрістетілді. Бірқатар артиллериялық кемелермен су үстіндегі, әуеге бағытталған және су миналарын зақымдауды сынады. Экипаждар жинақылыққа ерекше көңіл бөле отырып жоғарғы дәлдікпен орындады. Дәл осындай тапсырмаларды әскери теңізшілер биыл жазда Қаспий теңізінде өтетін «Каспий теңізі – 2015» байқауында орындайтын болады. Аталған жарыста біздің әскери қызметшілеріміздің шынайы қарсыласы Түркіменстан, Ресей және Әзербайжан теңіз жаяу әскерлерінің үздік теңізшілері мен бөлімшелері болмақ. Осыны ескере отырып қазақстандық әскери кемелерінің экипаждары мен теңіз жаяу әскерлерінің бөлімшелері теңіз биатлонының барлық бағыттарында белсенді даярлық өткізуде. Бүгінгі күні олар теңіз жағасында және су жолындағы қауіптер арқылы жүзуді, кемедегі якорьды 30-40 метрге орнату, МСС-65 Халықаралық жиын дабылына сәйкес жарық және жалау арқылы белгі беру және қабылдау, сондай-ақ бортта қалып қойған адамды құтқару бойынша шараларды пысықтады.


Жаңалықтармен бөлісу: