Қазақстанның солтүстігі мен шығысында мамырдың соңғы күндерінде қар аралас жауын жауады

Күні: 12:58, 28-05-2018.

Астана. 28 мамыр. ҚазТАГ - Қазақстанның солтүстігі мен шығысында мамырдың соңғы күндерінде қар аралас жауын жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«Ақмола мен Павлодар облыстарына жексенбі күні жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын әкелген, суық арктикалық фронттар, республиканың шығысына, оңтүстік пен оңтүстік-шығысына қарай жылжуда. Сонымен байланысты алдағы тәуліктерде жаңбыр сақталады, шығыста түнде жаңбырдың сулы қарға ұласуы мүмкін.
Қазақстанның батыс бөлігіне жылжып келе жатқан антициклон жауын-шашынды қысқа мерзімге тоқтатады. Антициклонның орнына, Орал аудандарынан келе жатқан суық фронттардың кезекті жүйесі келеді», - делінген дүйсенбі күні таратылған мамырдың 29-31-леріне арналған ауа райы болжамында.  
Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағында ауа-райы жағдайының күрт өзгеруі сақталады. Солтүстік облыстарда қайтадан жаңбырдың сулы қарға ауысуы, үсік болуы мүмкін, оңтүстікте өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді.  


Жаңалықтармен бөлісу: