Қазақстанның солтүстігінде алдағы 3 күнде күн салқындауы мүмкін

Астана. 30 шілде. ҚазТАГ – Қазақстанның солтүстігінде алдағы 3 күнде күн салқындауы мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«Қара теңіз аймағынан суық ылғалды арктикалық ауа келеді. Осыған байланысты Қазақстанның солтүстік аймақтарында жаңбыр жауып, кей жерлерде күн күркірейді және дауылды жел соғады. Бұршақ түсіп, ауа температурасы түнде 5-16 градус жылы болуы ықтимал», - делінген дүйсенбіде таратылған 31 шілде 2 тамыз аралығына жасалған ауа райы болжамында.  
Еліміздің қалған аумағында ауа температурасы бұрынғыша нормаға жақын болады, кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады.  


adimage