Астана. 6 сәуір. ҚазТАГ – 7-9 сәуір аралығында Қазақстанның солтүстік аудандарында жылымық қар, тұман және көктайғақ болады деп болжануда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның солтүстік аудандарында кезекті циклон орналасып, еліміздің барлық облыстарындағы ауа-райына әсер ететін болады. Алдағы үш тәулікте артикалық суық фронпен байланысты солтүстік облыстарда ылғалды қар, түнде тұман және көктайғақ күтіледі», - делінген жұмада таратылған хабарда.
Хабарда айтылғандай, еліміздің оңтүстік бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде қатты найзағай, екпінді жел болжанады. Ауа температурасының ауытқуы күтіледі: жауын-шашынмен тез төмендеп, күн ашылғанда шапшаң жоғарылай бастайды.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46