Қазақстанның солтүстік өңірлерінде алдағы күндері су тасқыны болады деп күтілуде

Күні: 15:46, 26-04-2017.

Астана. 26 сәуір. ҚазТАГ – Өзендердегі су деңгейі көтеріліп, қар көшкіні жүруі себепті Қазақстанның бірқатар өңірлерінде дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.  
Мысалы, 27-28 сәуірде Есіл өзенінде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумақтарында су деңгейі одан сайын көтеріледі, арнасынан асып, тасиды.
Одан басқа, осы күндері қар жамылғысының қалыңдығынан Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тауларында қар көшкіні жүру қаупі сақталады.
Сол себептен қар көшкінін тудырмау үшін қар басқан тік беткейлерге шықпау ұсынылады.


Жаңалықтармен бөлісу: