Астана. 11 ақпан. ҚазТАГ - Қазақстанның төрт облысында алдағы екі тәулікке дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«12 ақпанда Қызылорда облысында күндіз басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде қатты (жаңбыр, қар). Кей жерлерде көктайғақ, тұман, күндіз бұрқасын соғады. Шығыстан соққан жел батысқа, оңтүстік-батысқа ауысады күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Түнде 12 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы ары қарай төмендей береді -24-29 дейін, кей жерлерде -18, кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жаяу сырма соғады, солтүстік-шығыстан, шығыстан екпіні 15-20 м/с жел тұрады», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Хабарда айтылғандай, күндіз 12 ақпанда Түркістан облысында кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі, шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады6 түнде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 24-29 м/с болады.
Дауылды ескертуге сәйкес, Шымкентте күндіз 12 ақпанда қатты жауын-шашын күтіледі (жаңбыр, қар), шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады 15-20, екпіні 25 м/с жетеді; Түркістанда күндіз 12 ақпанда шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады 15-20, екпіні 25 м/с болады.
«12-13 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде солтүстік-шығыстан жел соғады, ол оңтүстік-батысқа, батысқа ауысады 15-20 м/с, күндіз 12 ақпанда, түнде 13 ақпанда екпіні 23-28 м/с жетеді, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да жоғары болады. Күндіз 12 ақпанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіледі, көктайғақ, жаяу сырма соғады. Таразда күндіз 12 ақпанда, түнде 13 ақпанда солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа, батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Кейде тұман, көктайғақ күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-100%.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46