Қазақстанның таулы аумақтарындағы қар қалыңдығы жылдық нормадан 50% көп

Күні: 11:42, 09-02-2017.

Астана. 9 ақпан. ҚазТАГ – Байтас Құрманов. Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл облысындағы қар қалыңдығы жылдық нормадан 35-50% артық, деп хабарлады ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің су шаруашылығы комитетінің төрағасы Ислам Әбішев.
«Көктемгу су тасуына қатысты айтсақ. «Қазгидромет» мәліметтерінше, Қазақстанның далалы аймақтарындағы қар мен ылғал қоры орталық Қазақстанда нормадан 25-30% артық, Шығыс Қазақстан, Алматы және Жамбыл облыстарындағы таулы аймақтарында жылдық нормадан 35% - 50% артық, бірақ ол көктемгі су тасқыны қаупі басталғанын айтап отырған жоқ», - деді И. Әбішев бейсенбі күнгі брифингте.
«Барлығы қардың еруіндегі ауа темпертурасына байланысты. Мысалы, 2014 жылы Шығыс Қазақстанда қар қалыңдығы екі жылдық нормадай болғанымен онда ешқандай тасқын болған жоқ. Кейбір жылдары қар аз болса да ауа температурасы күрт жылып, қар еру күрт басталуынан және жылы жауыннан, еріген қар жерге сіңіп үлгермей, су тасып кетеді. Сондықтан көктемгі су тасқынын қар қалыңдығына қарап айту ерте», - деді ол.


Жаңалықтармен бөлісу: