Қазанда Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көше пайда болды

Күні: 19:20, 03-07-2015.

Aлматы. 3 шілде. ҚазТАГ – 3 шілдеде Қазанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Нахзарбаев атындағы көше салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады Қазақстанның РФ-дағы елшілік баспасөз қызметінен.  
«Атақты адам Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі қаладағы атақты көшелерге берілді. Біз бұл көше үлгілі болуына ат салысуымыз керек», - деп айтқан Татарстан президенті Рустам Миннахиновтың сөзін елшілік баспасөз қызметі жұма күнгі хабарында келтіріпті.
Салтанатқа қатысқан Татарстанның тұғыш президенті Минтемир Шәймиев бұрынғы көше атын ҚР президентінің атымен өзгерті қазақтар мен татарлардың достығын одан ары нығайта түседі деп қадап айтты. Оның айтуынша, көшеге Нұрсұлтан Назарбаев атын беру туралы шешім Татарстан мен Қазақстан арасындағы терең достықпен байланысты. Ол Қазақстанда да татар халқының ұл ытұлғаларына құрметпен қарайтынын қадап айтты.


Жаңалықтармен бөлісу: