Алматы. 2 наурыз. ҚазТАГ – «Қазкоммерцбанк» (ӨКБ) өзінің акцияларының бақылау пакетін Халық банк «әлеуетті түрде сатып алғаны» туралы хабарлады, деп мәлім етті ҚКБ баспасөз қызметінен.
«Казкоммерцбанк» АҚ («ҚКБ») 2017 жылғы 2 наурызда «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ның («Халық банк») ҚКБ акцияларының басқару пакетін сатып алу жөнінде («Мәміле») міндетті күшке ие емес өзара түсіністік Меморандумына қол қойғаны жөнінде хабарлайды. Меморандумға өзге де тараптар ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, ҚКБ, Халық Банкі, «БТА Банк» АҚ және Кеңес Рақышев мырза (ҚКБ-ның ірі акционері) қол қойды», - делінген бейсенбі күні жарияланған хабарда.
Сондай-ақ хабарда айтылғандай, Меморандум ықтимал Мәміленің тиісті шеңбері мен шарттарын, сондай-ақ оған қол жеткізу үшін әр тараптың іс-әрекеттерін белгілейді. Сонымен қатар, аталған Мәміленің шартына сәйкес ҚКБ-ның алдындағы «БТА Банк» АҚ-ның займдарына байланысты тәуекелдерді жабу қарастырылған.
ҚКБ өз тарапынан бұл Меморандумның міндетті күшке ие еместігін белгілейді және бұл Меморандумға қол қою аталған Мәмілеге келгендігін белгілемейді, өйткені Мәмілеге келу үшін әр тарап Меморандумда көрсетілген тиісті шарттарды орындауы қажет.
Бұрын хабарланғандай, 2017 жылы 20 қаңтарда екі ірі қазақстандық банктің – Қазкоммерцбанк пен Халықбанктің - бірігуі мүмкіндігі туралы ақпарат жарияланды. Белгілі болғандай, банктер «алдағы мәміле туралы келіссөздерге кірісті», бірақ оның мазмұны ашық жарияланбады.
«Мәміле нақты іске асырылғанға дейін банктер Ұлттық Банктен ірі акционерлерді ауыстыруға келісім алуға тиіс, ол келісім банктердің барлық депозиторлары мен кредиторларының мүддесін қорғау қамтамасыз етілген, сондай-ақ банктердің бизнесін орнықты дамыту үшін жаңа акционерлерде қаржылай мүмкіндік болған жағдайда ғана болуы мүмкін», - деп хабарлады Ұлттық банк баспасөз қызметінен алдағы мәміле туралы ақпарат алған соң.
«Қазкоммерцбанк» АҚ Қазақстандағы банк жүйесіндегі активтер көлемі бойынша 1-орында тұр. ҚР Ұлттық банкінің ақпарына сай, 2016 жылдың 1 қарашасында банк активтері Т5,154 трлн, міндеттемелері – Т4,696 трлн, өзіндік капиталы - Т458,465 млрд. құраған. Банктің бөлінбеген таза кірісі 2016 жылдың қаңтар-қазаны аралығында Т97,617 млрд. болған.
Қазақстан қор биржасының мәліметтерінше(KASE), 2016 жылғы 1 қазанға К.Рақышев банк акцияларының 33,4%-на иелік еткен, ал «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ - 8,29%, «Орта-Азиялық инвестициялық компания» АҚ - 6,79%, Нұржан Субханбердин - 4,63%, «Оптимус» ЖШС – 4,33%, «Инвестициялық компания K.S.D.» - 2,52% иелік еткен.
«Қазақстан халық банкі» АҚ активтерінің мөлшері жағынан Қазақстан банктерінің ішінде 2-ші орын алады. ҚР Ұлттық банк мәліметтерінше, 2016 жылғы 1 қазанға банк активтері Т4,294 трлн, міндеттері – Т3,71 трлн, жеке капиталы - Т584,491 млрд. Банктің 2016 жылғы қаңтар-қыркүйектегі таратылмаған таза кірістері Т90,697 млрд. болды.
KASE мәліметтерінше, 2016 жылғы 1 қазанда «Алмэкс» Холдингтік топ» банк акцияларының 63,73%-на иелік еткен, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ - 5,64% акцияға иелік еткен.
Қатысты сілтемелер
-
Астанада бір көшені салуға Т1,1 млрд жуық жұмсамақ
20 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Алматыда бір балабақшаның құрылысына Т1,4 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
20 Қыркүйек 2024, 15:36