ҚазТАГ ақпараттық агенттігі бас директорының мәлімдемесі

Алматы. 22 ақпан. ҚазТАГ.  22 ақпан күні сағат 9.30-да ҚазТАГ агенттігінің кеңсесіне Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының қызметкерлері мені сағат 10.00-де қаладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимаратына мәжбүрлеп алып кету үшін келді.  
Сол уақытта маған әкем, Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаев қоңырау шалып, үйден шығар бетте оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросына мәжбүрлі түрде алып кеткілері келіп жатқанын айтты.  
Бұл ретте, бұған дейін берілген шақыру қағазында мен 10.00-де, ал Сейтқазы Матаев 15.00-де баруы керек болатын. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, егер шақырылған тұлға өз еркімен барудан бас тартса ғана оны мәжбүрлеп алып кету жүзеге асырылады.  Мен де, әкем де сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеу амалдарынан бас тартқан жоқпыз. Сол тергеу амалдарын Алматыда жүргізуге болатын болса да, сол мақсатта Астанаға үш рет ұшып барып қайттық.
Көрсетілген уақытта біздің келмей қалуымыз мүмкін деген болжам жасауға да ешқандай негіз болған емес (осындай қаулылар қабылдау барысындағы процессуалдық бұзушылықтар туралы айтпасақ та болады). Яғни, бізді ешқандай негізсіз, тергеу басталмастан бұрын заң бұзушылар қатарына жазып қойды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан қателіктер болды, ол туралы біздің қорғаушыларымыз бірқатар шағым түсірді. Оларды Алматы мен Астана соттары қарастырып жатыр, сондай-ақ прокуратура да.  Мәжбүрлеп әкету белгіленген уақытта біздің қорғаушыларымыз Андрей Петров пен Мадина Бакиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің іс-қимылына қатысты түсірген шағымдар бойынша процеске қатысу үшін Астанаға ұшқалы тұрған еді. Бұл туралы жедел-тергеу тобының басшысы Сәкен Таубалды мен оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро басшылығы да жақсы білген еді. Оның үстіне олар біздің қорғау кепілдігі берілген Конституциялық  құқығымызды бұзды, яғни олар тергеу амалдарын біз білікті заң көмегінен айырылған уақытқа белгіледі. Яғни олар ҚР Конституциясының «Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар» деген 13 бабы 3 тармағын бұзып отыр.  
Біз келтірді-міс деген шығын сомасының қанша екені де нақты анықталған жоқ, бізді ірі ақша жымқырды деп айыптап, мүлкімізді қамауға алды. Шығын сомасын нақты бар құжаттар бойынша емес, сыбайлас жемқорлық қызметінің мәліметі негізінде белгісіз бір аудиторлық компания есептеді. Аудиторлық мәлімет тестік режимде жазылған және аудиторлық компания ол үшін жауап бермейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аудиторлық тексерісінде осылай жазулы тұр.  
Алматының мемкіріс департаменті қызметкерлерінің аудиторлық тексерісі де асығыс жасалып, «құжаттарды ұсынбастан» жазылған болатын. Бұл ретте Ұлттық баспасөз клубы шындықты көрсететін нақты сандарды анықтау үшін тәуелсіз аудиторлық тексеріс жүргізуді ұсынды, алайда бұл ұсыныс неге екені белгісіз назарға алынбады.  
Бұл ретте Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзінің баспасөз парақшасында «Матаевтар жасаған жемқорлық және экономикалық қылмыстар ауыр болып табылады» деп ресми түрде мәлімдей отырып, бізді әдейі қылмыскерлер деп атап отыр, алайда Конституцияның  «Адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі» деген 77 бабы 3 тармағы 1 тармақшасының мазмұны оларға жақсы таныс болуы керек.  Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы кінәсіздік презумпциясын ресми түрде бұзды.  
Сыбайлас жемқорлық қызметінің бүгінгі баспасөз-парақшасы мен баспасөз мәслихаты Ұлттық баспасөз клубына, ҚазТАГ ақпараттық агенттігіне және ҚР Журналистер одағына көрсетілген кезекті қысым құралы болып отыр.  2016 жылдың қаңтарынан бастап  біздің қызметкерлерді көптеген көзбе-көз беттестірулерге және тергеу амалдарына шақырды, осылайша оларға да, бізге де қысым көрсетілді.  Біздің отбасымыз осы уақыт аралығында күш құрылымдары тарапынан аңду, түнде келіп, тергеуге шақыру секілді қыспаққа алу күші туралы, ал балаларымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің не екенін білді.  
Менің ұстанымым, әкемнің ұстанымы секілді, бұрынғыдай болып қалады. Себебі шындық біздің жақта. Біз кінәлі емеспіз, ал өз жұмысымызда заңның әр әрпін қатаң сақтадық.  
Өз әрекеттерімен сыбайлас жемқорлық бюросы қызметкерлерінің Конституцияның «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті» деген 34 бабы 1 тармағын сақтамай отырғаны көрініп тұр.
ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры  Әсет Матаев.

adimage