ҚазТАГ Алматы мейрамханаларында жаңа жылдық корпоративтердің бағаларына мониторингі жасады

Күні: 14:54, 04-12-2014.

Алматы. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – Данияр Дәуітәлиев. Алматы мейрамханаларында жаңа жылдық корпоративтер адам басына Т6 мыңнан Т36 мыңға дейін баратынын ҚазТАГ агенттігі қаланың әр ауданында жасаған мониторингі көрсетіп тұр.
Мысалы, Алмалы ауданында орналасқан мейрамханада жаңа жылдық корпоративтер адам басына Т6 мыңнан. Дастархан мәзірінде 4 түрлі басытқы, 3 түрлі салат, 2 ыстық тағам, шәй, нан мен самса бар. Компания жабық үстелге кем дегенде 15 адам, ал ашық үстелге 10 адамнан болуы керек. Адам басына тірі музыка мен би алаңына Т200-ден тағы төлеуі тиісті.
Фурманов көшесіндегі мейрамханада адам басына шот Т12 мыңнан. Дастархан мәзірі түрлі салқын басытқы, түрлі салат, 2 ыстық тағам, 1 литр салқын сусын, десерт пен жемістерден тұрады. Шоу-бағдарламасын қарастырған нұсқасы отырыс құнын адам басына Т15 мыңға дейнін жеткізеді. Шоу-бағдарлама - жүргізушіні, жеке сценарийді, тірі вокал мен дискотеканы, конкурсты қарастырады.
Дәстүрлі түрде арзандау деп есептелетін қаланың төменгі жағындағы мекемелерге келсек, онда отырыс адам басына Т10 мыңнан Т15 мыңға дейін барады. Мәзірде 2-3 ыстық ас, 3-4 салат, 3-4 салқын тіске басар, ыстық басытқы, банкеттік тағам бар. Спирттік ішімдікпен депозит Т20 мың болуы мүмкін.
Түрксіб ауданының бір мейрамханаларындағы шот адам басына Т10 мың тұрады. Мерекелік мәзір 5 салқын басытқыдан, 4 салаттан, хачапури – ыстық басытқы ретінде, 2 ыстық тағам, нан мен шәйдан тұрады.  Одан басқа мұнда шоу-бағдарлама мен музыкалық көркемдеу қарастырылған. Спирттік ішімдік пен жемістерді және тәтті тағамдарды өзімен алып келуге рұқсат етіледі.
Достық даңғылының жоғарғы жағында орналасқан мейрамханаларда Жаңа жылдық корпоративтік мереке адам басына Т20 мыңнан келеді. Ол бағаға салаттар, басытқылар, 2 ыстық тағам, алкогольдік және алкогольсыз ішімдіктер, жемістер қарастырылған.
Бес жұлдызды қонақ үйлерінің жанындағы мейрамханаларда адам басына жаңа жылдық бір орын Т12 мыңнан Т39 мыңға дейін барады. 12 мың теңгеге клиенттерге салаттар, ысталған шөже, әр адамға қалауынша десерт ұсынылады. Алкоголь мәзір бағасына кірмейді.


Жаңалықтармен бөлісу: