Алматы. 26 мамыр. ҚазТАГ - ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаевқа қатысты қылмыстық іс өзгертілді, деп хабарлады халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорынан.
Аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырған-мыс деп айыпталып жатқан ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаевтың ісі ақпарат жүйесін пайдалана отырып, сенімді асыра пайдаланған деген басқа бапқа өзгертілді», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Бұл ретте атап өтілгендей, қылмыстық істің бабын өзгерту туралы қаулы 23 мамырда шыққан.
Қор еске салғандай, тергеу барысында Ә. Матаев кінәсін мойындамады, және қылмыстық іс тоқтатылуына айырбас ретінде тергеуге көмектесуден бас тартты.
«ҚазТАГ бас директоры Әсет Матаев та, Журналистер одағының басшысы Сейтқазы Матаев секілді сотқа дейінгі тергеу барысында кінәсін мойындамады, барлық тағылған айыптарға қарсылығын танытты. Ол сондай-ақ қылмыстық іс тоқтатылуына айырбас ретінде тергеуге көмектесуден бас тартты», - делінген хабарда.
Бұрын хабарланғандай, 28 наурызда сот Ә.Матаевқа қатысты 2 айға үй қамағын санкциялап, оған үйінен шығуға, кез келген байланыс құралын пайдалануға және әйелі мен балаларынан басқа тумаларымен, оның ішінде өзінің әкесі Сейтқазы Матаевпен қарым-қатынас жасауға тыйым салынды..
6 сәуірде Ә. Матаевтың адвокаттарының оқшаулау шарасын өзгерту туралы өтініштері қабыл алынбады. 6 мамырда Алматының Медеу аудандық №2 соты Әсет Матаевтың үй қамауында болу мерзімін 1 айға – 28 маусымға дейін ұзартты.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында тұрғын үй өртеніп, 60 адам эвакуацияланды
13 Қыркүйек 2024, 09:28 -
Алматы облысында автобус көпірден спринтер көлігінің үстіне құлап кетті
13 Қыркүйек 2024, 09:21 -
Жұма күні Қазақстанның басым өңірінде жауын шашынсыз ауа райы күтіледі
13 Қыркүйек 2024, 08:54 -
Өскеменде 600-ге жуық электронды темекі тәркіленді
12 Қыркүйек 2024, 17:02