Алматы. 6 қыркүйек. ҚазТАГ – Мәдина Әлімханова. ҚазТАГ ақпараттық агенттігі мен Ұлттық баспасөз клубының пайда табуы толығымен заңды, деп есептейді заңгер Сергей Уткин.
«Менің түсінгенімше тергеу, айталық, қандай да мақала үшін газетте 2,5 мың теңге алатын болса, ал Сейтқазы Матаев газетпен 1,5 мың теңгеге келісіп, өзінің мекемесінде 1 мың теңгені қалдыра алғанына қатты «қобалжып» кеткен сыңайлы. Мұнда тұрған заңсыз ешнәрсе жоқ. Егер ол соманы жымқыру деп есептейтін болсақ, онда кәсіпкерлік құрылымның бәрін жымқырушылар, қылмыскерлер т.б. деп есептеуіміз керек», - деді С. Уткин ҚазТАГ агенттігіне.
Бұл ретте ол кез келген бизнестің мақсаты пайда табу екенін айтып кетті.
«Менің түсінігімше, тергеу, осындай мемтапсырыс алған құрылым шын мәнісінде оны арзанға жариялатып, осы операциямен қандай да маржа, пайда көретінімен үзілді-кесілді келіспейтін сияқты. Менің ойлауымша, мақсаттың өзі осы. Қандай да құрылымдар, кәсіпкерлер, мекемелер мен т.б. осы мемлекеттік кеңселермен, кәсіпорындармен, мекемелермен келісімшарт жасау үшін болмаса, не үшін келеді? Неге? Не үшін? Тек ортадағы буын болу үшін ғана ма? Миллион, немесе жүз миллион алып оның бәрін, 100% біреуге бере салу үшін бе? Ал ол не үшін керек, бере салу? Ендеше меморгандардың өздері біреулерге берсін. Қандай да әрекеттермен айналысатын кез келген кеңсе қандай да ақшаны өзі «жеуі» керек қой. Және ол қандай да үлкен қылмыс емес, ол мүлдем қалыпты жағдай, мұның бәрі кәсіпкерлік, барлық бизнес осыған негізделген, сен арзанға аласың, сәл де болса, қымбатқа сатасың, сонда сенде адамдарға жалақы төлеуге, ғимаратты жалдауға, тағы басқа да қандай да мақсаттарға, қандай да пайдаға қалуы керек қой», - деп түсіндірді заңгер С. Уткин.
Заңгердің айтуынша, материалдарды БАҚ-тарда жариялау бағасын тапсырыс берушілердің өздері тағайындаулары керек.
«Қазақтелеком» немесе ақпарат комитеті өздерінің бюджеттік тапсырысын жасағанда осындай қызметтерге деген соманы көрсетеді. Ол ойдан шығарылмайды, ол есептелінеді ғой. Қалайша? Осы мемлекеттік құрылымдарда қандай да атқарушылдар бар, олар нарықтағы жарнамалық немесе пиар-материалдар үшін, интернеттегі т.б. мақала үшін шаршы сантиметрді алып, орташасын есептеп, өздерінің көлемін өлшем бірлігіне көбейтіп, осылайша оларда белгілі сома қалыптасады. Сөйтіп олар белгілі соманы Сейтқазы Матаевтың құрылымдарына төледі», - деді ол.
Бұл ретте ол ҚазТАГ та, Ұлттық баспасөз клубы да өздерінің міндеттерін орындағанда ұтылуы да, ұтуыда мүмкін екендігін айтып өтті.
«Енді С. Матаев аз ақша жаратқан-мыс болып шығып отыр. Ондай болуы мүмкін бе? Теориялық тұрғыдан, әрине. Егер орташа нарықтық баға болатын болса, онда нарықта одан арзан да және қымбат та ұсыныс табылады. Егер қандай да кәсіпкер немесе қандай да құрылым, Ұлттық баспасөз клубы, ҚазТАГ, осындай мемлекет материал жариялау үшін анықтаған орташа баға бойынша өздеріне міндет алса, онда олар бір жерде ұтылып, бір жерде ұтулары да мүмкін ғой. Егер олардан бұрын анықталған орташа бағамен алмайтын болса, олар қымбаттау төлейді, ал төмен бағаға келіссе – тамаша, олар пайда табады», - деп тұжырымдады С. Уткин.
Қатысты сілтемелер
-
Тоқаев жарлық шығарып, танымал қытайтанушы Константин Сыроежкинге рақымшылық жасады
11 Қыркүйек 2024, 17:17 -
Қазақстанда алдағы үш тәулікте ауа райының салқындауы күтіледі
11 Қыркүйек 2024, 15:39 -
Жетісу облысында грант бөлу кезінде 171 кәсіпкердің құқығы бұзылған
11 Қыркүйек 2024, 14:45