БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитеті журналист Рамазан Есергепов пайдасына шешім шығарды

Алматы. 14 сәуір. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Адам құқықтары туралы БҰҰ комитеті журналист Рамазан Есергепов пайдасына шешім шығарды.
«29 наурызда БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитетінің 116-шы сессиясында Қазақстан Республикасының азаматтық және саяси құқықтары туралы халықаралық пактілердің бірқатар баптарын бұзуына қатысты шағымдар бойынша шешім қабылдады ... БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитет Қазақстан Республикасы пактіге қатысушы-мемлекет ретінде Рамазан Есергепов ісінде пактінің бас банының - 9 (5), 14 (1), 3 (б), 3 (д) және 19 (2) баптарының бұзғанын анықтады», - делінген бейсенбі күні баспасөз мәслихатында таратылған баспасөз-релизінде.  
Бұл ретте бұзушылықтар арасында сот тергеуін және үкімді жариялауды жабық режимде жүргізілгенін, Р. Рамазановты өзін қорғауға лайықты түрде дайындалуға мүмкіндік берілмеуі, бас бостандығынан заңсыз айыруы мен Р. Есергеповтың жариялаған мақаласының қоғамдық тәртіпке нұқсан келтіруі мүмкіндігіне ешқандай дәлелдің жоқтығы және т.б. аталды.
Хабарда айтылғандай, Қазақстан Р. Есергеповқа лайықты өтемақы берулері тиісті.
«Пактінің 2 (3) (а) бабына сәйкес, қатысушы-мемлекет БҰҰ комитеті қараған шағым авторын лайықты өтемақымен қамтамасыз етуіне міндетті. Мемлекет  келешекте осындай бұзушылыққа орын бермеуге шаралар қабылдауға міндетті», - делінген хабарда.
Өз кезегінде «Адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро» кеңесінің төрағасы Евгений Жовтис БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитеті Қазақстанның сөз бостандығын бұзатынын мойындады деп қадап айтты.
«Бұл сөз бостандығы,ақпарат алу және тарату құқығының 19-шы бабының бұзылуы мойындалған бірінші іс. Р. Есергепов жұртшылықты қоғамды қызықтыратын мәселелер жөнінде ақпараттандыру бойынша өз жұмысын атқарған», - деді ол.
Еске салсақ, 2009 жылы 8 тамызда Р. Есергепов 3 жылға бас бостандығынан айрылды. Оған 2008 жылы қараша айында «Алма-ата инфо» газетінде ҚР ҰҚК Жамбыл облыстық департаментінің және ҚР ҰҚК басшыларының әрекеттері туралы құпия мәліметтерді жинап, жариялап жіберген  деп айып тағылды. Аппеляциялық, кассациялық сатылар мен Жоғарғы сот үкімді өзгеріссіз қалдырды. Р. Есергепов БҰҰ адам құқықтары жөніндегі комитетке шағымданды.

adimage